Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

«Мен қорқамын» - күйеуінен таяқ жейтін тағы бір Салтанат желіде пост жариялады

Зорлық-зомбылық құрбаны болып жүрген тағы бір Салтанат бұрынғы күйеуінен қорқатынын айтты, деп хабарлайды Ulys.

«Мен үшін өте қиын, бірақ мен енді үндемей қалмаймын. Мен күйеуіммен 11 жыл некеде болдым, 4 баламыз бар. Осы жылдар ішінде мен моральдық және физикалық зорлық-зомбылыққа көп ұшырадым. Соңғы бір жылда онымен өмір сүру мүмкін болмады. Жұдырық жұмсау мен қорлау жиілеп кетті. Мен ол адамнан қорқамын. Ол - заңгер. Оның байланысы көп және бәрін қоңырау соғу арқылы шешеді», - деп жазды Салтанат өзінің Іnstagram-дағы парақшасында. 

Кейін Алматыда көшеде бұрынғы әйелін ұрып-соққан Александр Ким қазақстандықтардан кешірім сұрады.

«Мен - Александр Ким, бұрынғы жұбайым Салтанат екеуміз түсіп қалған видеоға байланысты үндеу жазып отырмын. Ең алдымен, Салтанаттың ата-анасы мен туғандарынан кешірім сұраймын. Менің бұл әрекетім ақтауға жатпайды. Қандай жағдай болмасын, Салтанатқа қол көтермеуім керек еді», - деді ол

Айтуынша, ол әйелін  ұрып-соқпаған.

 «Мен оны ұрып-соқпадым, тек қатты итеріп жібердім. Сол сәтте эмоцияға бой алдырдым. Содан кейін бірден Таразға қайттым. Арыз туралы әлеуметтік желідегі видеодан білдім. Оның бетінде ешқандай жара жоқ. Қоғамда мені Қуандық Бишімбаевқа теңеп, соның қатарына қойғандарын қаламаймын. Әйелге қол көтеруге болмайды және мен өзімді осы үшін кінәлаймын», - дейді Салтанаттың бұрынғы күйеуі.

Айта кетсек, «Дети под защитой» жеке қорының жетекшісі Жанна Ахметова Facebook парақшасында күйеуінен таяқ жеген кезекті Салтанат есімді әйелді тез арада құтқару керек деп дабыл қаққан еді.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала