Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Атырау облысына 1000-нан астам әскери қызметші көмекке келді

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің нұсқауына сәйкес тасқын суға қарсы іс-шараларға жәрдем көрсету үшін Атырау облысына "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының мыңнан астам әскери қызметшісі жіберілді, деп хабарлайды Ulys.

Теміржолмен жеткізілген біріккен құрам Шымкент, Тараз және Гвардейск гарнизондарында орналасқан әскери бөлімдерден құрылған. Сондай-ақ, алпыстан астам әскери және арнайы техника келді. 

«Біздің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығымыздың әскери қызметшілері Атырау қаласына жақсы ниетпен және отандастарымызға барынша көмектесу мақсатымен келді, сондықтан оларды жұмысқа баптаудың қажеті жоқ. Біз еліміздің және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты кез келген міндеттерге дайынбыз", - деді Шымкент қаласынан келген топтың аға полковнигі Айбар Абайұлы.

Әскери қызметшілер легін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев басқарып келді. Әскерилерді Махамбет, Индер аудандарының елді мекендері мен Жаңаталап ауылына жіберу жоспарлануда. Онда олар жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізетін болады.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала