Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Құлсарыда жоғалған әке мен баласының денесі табылды

Бүгін таңғы сағат 9 шамасында Құлсарыда су тасқыны кезінде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды. Кейін түске қарай баланың денесі судан шығарылды.

Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылы туған әкесі 2000 жылы туған баласымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді қарау үшін барып, кейін эвакуациялық пунктке кері оралмаған.

«Іздестіру жұмысына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Құтқарушылар азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала