Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

АҚШ-ТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ЕЛШІСІ АНТ БЕРДІ

Басты стратегиялық әріптес елдердің бірі Американың Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды. Бұл қызметке кәнігі дипломат Уильям Мозер лайық көріліпті.

«Уильям Мозер мырза 12 ақпанда Қазақстандағы АҚШ Елшісі ретінде тағайындайындалып, ант берді. Жаңа Елшімізді бірге қарсы алайық!» деп жазды Қазақстандағы АҚШ елшілігінің фейсбук парақшасында. Түрлі стратегиялық салаларда еңбек еткен ол Египет, Суринам мен Малиде дипломатиялық миссия атқарған. Кейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары, АҚШ-тың Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі, Молдовадағы елші ретінде жұмыс істепті. Бұған дейін яғни 2015 жылдан бастап Қазақстандағы АҚШ Елшісі болған Джордж Кроллдың былтыр қыркүйек айында дипломатиялық миссиясы біткен болатын. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев оны арнайы қабылдап,  екі ел арасындағы  байланысты тереңдетуге сіңірген еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапттаған еді.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала