Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады

ФОТО: kostanaytany

Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары аталмыш тапсырманы жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Су тасқыны салдарын жою, соның ішінде зардап шеккендерге мүлікті қалпына келтіруге көмектесу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық әкімдік хабарлады.
353 үй зерттелді, оның 159-ы қалпына келтіруге жатады. Бұл үйлерге келтірілген шығын бағаланған соң, тиісті сома төленеді. Қалпына келтірілмейтін 194 үйдің орнына жаңа баспана біреледі.
Оңтүстік өңір тұрғындары және жалпы барлық халық үшін басты көмек - өлген мал үшін өтемақы болып табылады. Залалды өтеу бойынша төлемдер бағалау жұмыстарынан кейін жүргізіледі. Қазіргі уақытта 214 бас малды бағалау бойынша есептер дайын, өтемақы төлене бастаған. Су тасқыны салдарынан барлығы 951 бас мал қырылды.
Зардап шеккен халықты әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күндерінен басталған. Бүгінгі күні біржолғы әлеуметтік төлемге 1345 өтініш берілді. 715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді. Өтініштерді қабылдау және төлеу жалғасуда.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала