Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Алматыда селді ұстайтын бөгет құрылысында бұзушылықтар анықталды

Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр. Бұл туралы  ТЖМ хабарлайды.

«ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов «Ақсай» бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде мердігердің жоғарыда аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір бұзушылықтарды анықтады. Бұл Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төндіреді. Осыған байланысты «Қазселденқорғау» басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді. Оның нәтижелері бойынша ҚР ҚМА қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде» - делінген министрлік хабарламасында.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала