Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бірлескен әскери жаттығу өткізбек

Ақтау қаласында Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Дәурен Манаптың басшылығымен жоспарлы конференция өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Іс-шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты.

Тараптар «Бірлестік-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының дайындығына байланысты бірқатар мәселелерді талқылады. Әскери мамандар осы жылдың шілде айында оқу-жаттығу өткізуге жоспарлап отырған «Оймаша» полигонында оны ұйымдастыру мәселелерін пысықтап, Каспий теңізіндегі Тоқмақ мүйісінде болды. 

Әскери маневрлер теңіздегі түнгі эпизодтарды және десант түсіруді қамтиды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала