Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі орнады

Астананың EXPO алаңындағы «Нұр Әлем» сферасында сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыды.

«Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа қойылды.

Бүгінгі күнге дейін  Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі бар. Ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.

Көптеген тиісті сала мамандары UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу — ең дұрыс және оңтайлы жол деп тапты. Бұл ретте Қазақстанның көптеген аймақтары табиғи уақытқа ең жақын уақытты пайдаланатын болады.

Қазіргі кезде әлемнің 175 елінде біртұтас сағат белдеуі жұмыс істейді.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала