Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Нұрсұлтан Назарбаевқа қойылған тағы бір мүсін алынып тасталды

Елордадағы ҚР Ұлттық музейдегі ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мүсіні алынып тасталды. Бұған музейдің баспасөз қызметі былай түсініктеме берді.

«Әлемдік музей тәжірибесіне сәйкес, әр музей экспозициялық залдарының тұжырымдамалық мазмұны мен көркемдік-стилистикалық шешімін жаңартып отыруға міндетті. Ұлттық музей осы тәжірибені қолданып, атриум залын қайта экспозициялауды қолға алды. Оның негізгі міндеті – келушілер үшін ыңғайлы рекреациялық аймақ ретінде қызмет ету. Ескерткішке келетін болсақ, бұл экспонат музей мүлкі болып саналады және атриум тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты музей қорында тұрақты сақтауда болады», - делінген Ұлттық музейдің хабарламасында.

Бұған дейін Ұлттық қорғаныс университеті аумағындағы ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ортатылған ескерткішті алып тасталған болатын.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала