Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевқа орнатылған ескерткіш алынып тасталды

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Ұлттық қорғаныс университеті аумағындағы ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ортатылған ескерткішті алып тастағанын мәлім етті.

«ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» атауы «ҚР Ұлттық қорғаныс министрлігі» болып өзгерді. Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университеті аумағында орналасқан ҚР Тұңғыш Президенті ескерткішін ҚР Қарулы күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейі ғимаратына көшіру туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта ескерткіш қорғаныс мекемелерінің бірінің ғимаратында уақытша сақталып тұр. Дайындық амалдары аяқталғаннан кейін ол музей ғимаратына қойылмақ.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала