Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Бүгін мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

Ел ішінде «Қонаев заманында қазақ даласында үлкен-кіші 40 қала бой көтерген» дейтін дерек айтылып жүр. Халықтың осы 40 жылда еңбекке араласқан бірнеше буынның еңбегін бір ғана саяси тұлғаның есімімен байланыстырып қабылдауының өзі Қонаевтың мемлекет қайраткері ретіндегі салмағынан хабар береді.

Тұлғаны жақсы танып, жақын араласқан адамдардың бәрі естеліктерінде оның қызметтегі лауазымын бас пайдасына, материалдық жағдайын қамсыздандыруға пайдаланбағанын ерекше атайды. Қызметтен босағаннан кейін шын мәнінде қарапайым зейнеткердің күнкөріс деңгейімен бірдей тұрмыс кешуі - сол естеліктердің шын екеніне айғақ.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда қазіргі Алматы қаласында дүниеге келген. 1930 жылы Алматыдағы №14 орта мектепті бітірген Дінмұхамедті Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті 1931-1936 жылдары Мәскеудегі Түсті металл институтына оқуға жібереді. 1936 жылы осы институттан тау-кен инженері мамандығын алып шыққан ол 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.

 «Уикипедия» ашық энциклопедиясының мәліметіне сүйенсек, Қонаев ел басқарған 1960-1986 жылдары қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті, 43 қала пайда болған. Оның ішінде Рудный, Екібастұз, Ақтау, Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау Арқалық қалалары бар.

Қайраткердің осы еңбегін тиісті деңгейде ескеру мақсатымен Алматы облысының қазіргі орталығы Дінмұхамед Қонаевтың есімімен атау туралы шешім қабылданған. 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала