Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Өзбекстанның алтын валюта резерві төмендеді

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның алтын валюта резервтері 1,2 млрд долларға кеміп, елдегі қымбат металдың көлемі шамамен 24,8 тоннаға азайды, деп хабарлайды Ulys Kazinformға сілтеме жасап.

Өзбекстанның Орталық банктен мәлімдегендей, биыл 1 қаңтардағы жағдайға сай, Өзбекстанның ресми резервтік активтері 1,67 млрд долларға өсіп, жалпы көлемі 34,56 млрд-қа жетті. Бұл ретте алтын валюта резервтері 2023 жылы 1,2 млрд долларға, яғни 35,77 млрд доллардан 34,56 млрд долларға дейін қысқарды. Мұндай төмендеу 2018 жылдан бері алғаш рет болып отыр.

Жалпы былтыр қазан және қараша айларында Өзбекстан алтынды көп сатқан елдердің көшін бастаған болатын.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала