Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Түркияның кейбір провинцияларында коменданттық сағат енгізілді

Анадолы агенттігінің хабарлауынша, бұл шешімді ел президенті Реджеп Тайип Эрдоған коронавирус инфекциясымен (COVID-19) күрес шаралары аясында жариялады.

Түркияның 15 провинциясында төрт күндік коменданттық сағат енгізілді.

16 мамырда басталған коменданттық сағат Анкара, Былкесир, Бурса, Эскишехир, Газиантеп, Ыстанбұл, Измир, Кайсери, Коджаэли, Конья, Маниса, Сакарья, Самсун, Ван және Зонгулдаг провинцияларында сейсенбі, 19 мамырда түн ортасына дейін созылады.

 

16 және 17 мамырда жоғарыда көрсетілген провинцияларда супермаркеттер, азық-түлік және ет сататын дүкендердің, сондай-ақ онлайн-сатылыммен сауда жасайтын компаниялардың жұмыс істеуіне тыйым салынды.

 

Ал 18 және 19 мамырда азық-түлік және ет сататын дүкендер сағат 10.00-16.00 аралығында жұмыс істейтін болады.

Айта кетсек, Түркияда 149 435 адам індет жұқтырып, 4140 адам көз жұмды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала