Валюта бағамы
USD - 476.22
EUR - 490.15
RUB - 7.81

ЖАС БУЫННЫҢ АҚПАРАТ КӨЗІ

Көріністер: 242

- 5 семестр бойы 500-ден астам студентке дәріс бердім. (M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti экономика жоғары мектебі). Олардың жас шамасы 18 бен 23 арасында. Ал осы жылдың қыркүйегінен бастап 14 пен 16 жас аралығындағы қосымша 40 шақты оқушыны оқыта бастадым (Astana Garden School).
- Студенттерім мен оқушыларымның бұған дейін алған білімін ескерсек, бұл қайталап таныстыратын іріктемеге жатпайды. Мен жүргізген сауалнамамды ғылыми зерттеу жұмысы деп те айта қоюға келмес. 
- Менің аудиториямның ішіндегі адамдардың ешқайысысы яғни,  – 0% баспасөз оқымаған. (Тіпті, студенттердің бірінің айтқаны есімде қалып қойды: «Соңғы рет газетті бір жыл бұрын, айнаны сүрту үшін қолыма алған едім»)
- Радио болса,  – тек музыка тыңдау үшін, сондай - ақ, онлайн-радионы көлікпен бара жатқанда арасында қосып қояды екен.
- Телевидение – студенттер оны да өте сирек көреді. Көбінде фильм мен сериалдар қарау үшін. Арасында бағдарлама тамашалайтындары да бар. Бірақ, жаңалықтарды ешкім қарамайды екен. Студенттер үшін ең танымал арналар: Fox, TLC. Ал оқушылар болса, теледидар көреді. Дегенмен, көп жағдайда үйде, ата-аналарынын жанында жүріп, олармен бірге отырып қарайды.  Яғни, арнайы емес.

- Интернет: Фейсбукке тіркелген студенттердің саны аз. Кейбірінің аккаунты бар, бірақ оны көп пайдаланбайды екен. Түрлі посттар да жазбайды. Ал мектеп оқушылары болса, фейсбукты мүлдем қолданбайды. Олардың сөзінше, бұл олардың «ата-аналары пайдаланатын әлеуметтік желіге» жатады. «Қандай блогерлерді танисыздар?» деп сұрағанымда, бірнеше студент Әлішер Елікбаевтың атын атады. Бірі Ержан Рашевті жақсы біледі екен. Бірақ, оқушылар фейсбуктегі танымал есімдерді мүлде естімеген. Бірақ Біржан Әшімнің кім екенін бәрі біледі.

Вконтактеге музыка тыңдап, видео көру үшін кіреді (бірақ оларды ақылы етіп тастаған соң танымалдылығы азайып барады).

Қазақстанда Twitter мүлдем жоқ десе де болады.

Ал YouTube – бүгінгінің және келешектің әлеуметтік желісі.

 

Мынандай үш тұжырымдама жасадым:

1. Жарнамаға деген көзқарас – жастар жарнаманы өте жақсы сезеді және көп жағдайда оны қабылдамай жатады. Бұдан өзге, жас буын идеологиялық бағыттарды да ажырата біледі. Бүгінде мемлекет Инстаграм желісін белсенді түрде пайдаланғысы келеді.  Бірақ ол жұмыстары сәтсіз сияқты. 

2. Жастардың аудиториясы ағылшын тілді дереккөздерден ақпарат алады. Олар әлемде не болып жатқанынан да хабардар.  Бірақ еліміздегі жағдайлар мен жаңалықтар оларды айтарлықтай алаңдатпайды. (кішігірім мысал – «Дағдарыстық коммуникация» сабағында студенттер кейстерге сараптама жасайды. Мәселен, көбі Пепси мен Кендалл Дженнер сынды кейстерді естіген (танымал жұлдыз болғаны үшін бәлкім) немесе KFC Great Chicken Crisis – (FCK), бірақ ешкім ChocoTravel кейсін білмейді. Бұл жерде жергілікті контентті салыстыру үшін емес, сапасы мен креативтілігі үшін таңдайды.

3.  Контенттердің жаңа түрі мен технологияларға қабілеттілік.

 

Мынандай үш қорытынды жасадым: 

1. Айтатын ойды тікелей емес, жанамалап, әдемі жеткізу қажет. Бюджет көлемі емес, оған апарар жол маңызды. Жәй ғана хайп жасау шешім емес. Оның экологиялық тұсы маңызды.


2. Әлемде болып жатқан оқиғалар жастар үшін өте маңызды. Әсіресе, адам құқығы, бостандық жөнінде айтылған жаңалықтар қызу талқыланады. Студенттерге Suistudio жанжалға толы жарнамасын көрсеткенде таңқалмадым. Өйткені, оларда адекватты көзқарас болды.

3. Айтпағым, контент пен құралдарды көзсіз игере берудің қажеті жоқ. Оны дұрыс пайдалана алмасақ, өзгеге күлкі боласың.

 

Марат РАИМХАНОВ,  медиа саласының сарапшысы

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала