Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Бұрынғы денсаулық вице-министрінен коронавирус анықталды

 

Эксенсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Facebook парақшасында жазды.

 

Министрдің мәліметінше, кеше Үкімет қаулысымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Камалжан Надыровты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына басшы етіп тағайындау жоспарланған.

«Алматы қаласында коронавирустық инфекция кеңінен тарап, жағдай қиындаған соң Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қазіргі басшысы Тілеухан Әбілдаев отставкаға кету туралы өтініш білдірген болатын. Қаладағы команданы күшейту мақсатында басқарма басшысы лауазымына К.Надыровты тағайындау жоспарланған еді. Алайда, кеше кешкісін К.Т. Надыровқа коронавирустық инфекция жұқтырған деген диагноз қойылды, қазір ол емделу үшін ауруханаға жатты. Әріптесім Камалжан Талғатұлының тез сауығып кетуіне тілектеспін және қолдау білдірімен! Осы жағдайға байланысты Алматы қаласы әкімінің келісімімен Т.Ш. Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтініші тоқтатылды» деп жазды ол.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала