Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ БОЛДЫ

Бұл туралы ол фейсбук әлуеметтік желісіндегі парақшасына  «Отандастар қорына» жұмысқа тұрдым. Мекеменің толық атауы «Отандастар қоры» бейүкіметтік акционерлік қоғамы. 
Қор президенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Нұртай Әбіқаев.
Бұл қорға Елбасы үлкен сенім артып, зор миссия жүктеген.
Нұрсұлтан Әбішұлы Дүниежүзі қазақтарының 
V құрылтайында «Мен арнайы үндеу тастап отырмын. Қиын-қыстау заманда біз болгар, Солтүстік Кавказдан жер аударылған шешендерге көмектестік, қамқорлық жасадық. Неге енді өзіміздің қандастарымыз қазақтарды қолдамасқа? Қазақ бизнесмендерін отандастар қорына қолдау жасауға шақырамын. Құрылтай жетекшілігіне, Президент әкімшілігі мен Үкіметке аталған қорды құруды тапсырамын» деп, ерекше атап өтті.
Сондықтан да қордың негізгі мақсаты - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп, қазақтарды өздерінің тарихи отанына көшіру ісін және оларға қолдау жасау жұмысын жүйелеу, бір ізгілендіру»—деп жазды.  Қор шетелдегі және Қазақстан Республикасына көшіп келген этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз етуді көздейді.

Мәди Манатбек сонымен қатар, «сенім артып, мені осы жауапты қызметке тағайындаған қазақтың атпал азаматтары Нұртай Әбіқайұлы, Зауытбек Қауысбекұлы мен Дархан Аманұлының жұмыстарына табыс тілеймін! Дүниеге тарыдай шашылған қазақтың күйін күйттейтін қызметіміз жемісті болсын! Бұл алыстағы ағайын үшін барын салатын елшіл, жанашыр азаматтармен ақылдаса атқаратын жұмыс», -деп өзіне зор жауапкершілік жүктеліп отырғанын жазады.

Дәл қазіргідей дүниеде болып жатқан алмағайып кезенде Қазақстан шетелдегі қазақтар мәселесіне басымдық беріп отыр. «Отандастар қорына» Нұртай Әбіқаев,  Зауытбек Тұрысбеков сынды мықты тұлғалардың келуін жұрт жақсы нышанға балап, шеттегі қазақ мәселесі жанданады деген сенімде. Қорға белгілі журналист, ұлт мәселесінде белсенді Мәди Манатбектің келуін де бұқара жылы қабылдап, құттықтап жатыр.   

Мәди Манатбек бұған дейін отандық медиа саласында түрлі басшылық қызметтер істеді. Соңғы жұмыс орны —  «Республикалық радио» ЖШС-нің Бас директоры.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала