Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 500-ден асып, 4 адам көз жұмды
4 сәуір сағат 15:40-тағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус анықталған адам саны 525-ке жетті.
Осы сағатта коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 25 адам тіркелді, олардың ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 14, Алматы қ. – 1, Қызылорда облысы – 2, Ақмола облысы – 1, Жамбыл облысы –1, Шымкент қ. – 1, Ақтөбе облысы – 3, Алматы облысы – 1, Қарағанды облысы – 1. Ақмола облысында коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды.
Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 525 жағдай тіркелген. Олардың ішінде: Нұр-Сұлтан қ. – 216,
Алматы қ. – 110,
Қызылорда облысы – 28,
Қарағанды облысы – 27,
СҚО –25,
Түркістан облысы – 23,
Атырау облысы – 22,
Ақмола облысы – 20,
Шымкент қ. – 13,
Алматы облысы – 10,
Жамбыл облысы – 10,
Ақтөбе облысы – 10,
ШҚО – 4, БҚО – 2,
Маңғыстау облысы – 3.
Павлодар облысы – 1,
Қостанай облысы – 1.