Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Прокуратура қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, елорданың уақытша ұстау изоляторында көз жұмған Дулат Ағаділдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ.

«25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Ағаділдің көз жұму жағдайы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Дәл сол күні барлық мән-жайды зерттеудің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының арнайы прокурорларының өндірісіне қабылданды», - делінген прокуратурасының хабарламасында.

Атап өтілгендей, көз жұмған Д.Ағаділдің отбасының адвокаты берген өтініш бойынша 26 ақпан күні өздері (отбасының) шақырған жеке сот сарапшыларының (А. Ақанбеков, Р.Сатыбалдиев) қатысуымен марқұмның денесіне зерттеу жүргізілген.

Оның нәтижесі бойынша, жұмылдырылған мамандар Ағаділдің өліміне өткір жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі себеп болғанын анықтады. Денесінде зорлық-зомбылықтан болатын қандай да бір жарақаттар анықталмады.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, іске тартылған сарапшылар, сонымен қатар оның бауыры мен адвокаты тарапынан ескерту немесе өтініш берілген жоқ. Сот сараптамасының қорытындысы лабораториялық зерттеу нәтижесі бойынша беріледі. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала