Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ӘЗЕРБАЙЖАН ЕЛШІЛІГІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ

Әзербайжанның Қазақстандағы елшілігінің мұрындық болуымен М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде дөңгелек үстел болып өтті. Шара «Әзербайжан және Қазақстан көшбасшыларының мультикултурализм мен толеранттылық және заң үстемдігі негізінде құқықтық институттарды нығайтудағы рөлі» деген тақырып негізінде ұйымдастырылған.

Қазақстанның Тәуелсіздігі күні мен Әзербайжанның жалпыхалықтық көшбасшысы Гейдар Әлиевті еске алу күні қарсаңында өткен дөңгелек үстелді ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы PhD, Алуа Жолдыбалина жүргізіп отырды. Ашылуында сөз алған Әзербайжан елшілігінің уақытша сенім білдірілген өкілі Агаджвид Рамазанов бауырлас елдердің терең тамырластығы мен сенімге негізделген стратегиялық әріптестігіне ерекше тоқталды. Екі ел ынтымақтастығының бастауында тұрған, қарым-қатынасының тұрақты дамуына зор ықпал еткен   Әзербайжанның жалпыхалықтық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөліне М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің өкілі Мирас Дәленов те тоқталды. Сөз алғандардың айтуынша, соның арқасында Нұр-Сұлтан мен Баку арасындағы байланыс арнасы кеңейіп келеді. Дөңгелек үстел кезінде екі елдің құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы, ата-заңның мемлекеттілікті қалыптастырудағы рөлі, көп ұлт өкілін бірлікке жұмылдыра отырып дамудағы бауырлас елдердің тәжірибелері туралы мазмұнды баяндамалар жасалды. Атап айтқанда, «Право и государство» журналының бас редакторы КАЗГЮУ университетінің PhD, Сергей Ударцев, тәуелсіз сарапшы Найля Әлмұхамедова,  КАЗГЮУ университетінің аға ғылыми қызметкері, PhD Муслим Хасенов, ЕҰУ халықаралық қатынастар факультетінің 3-курс студенті Әнел Алыбековалар түрлі тақырыпта толымды баяндама жасады. Ал «Қазақстан тарихы» порталының шығарушы редакторы Арман Сүлейменов болса, «Әзербайжандағы мультикультурализмнің тарихы» атты бауырлас елде үш ай бойы жүргізген зерттеу жұмысының нәтижесімен таныстырды. Ол Баку халықарлық мультикультурализм орталығының жұмыстары туралы кең ауқымда айтып берді. Жобасын таныстырып болған Арман Сүлейменов КАЗГЮУ университетінде аталған орталықтың  бөлімшесін  ашу туралы өз ұсынысын да жеткізді.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала