Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ПАВЛОДАРДА ҚАЗАҚ ТІЛДІ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТЕГІН ТРЕНИНГ ӨТТІ

Павлодар қаласында «Мультимедиалық журналистика: сапалы контент дайындау мәселелері» атты бір күндік семинар-тренинг болып өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара (ERG) Еуразиялық топқа қарасты «ERG Көмек» корпоративтік қорының аймақтық журналистиканы дамытуға бағытталған шараларының бірі.

Семинар-тренингке жергілікті БАҚ-тарда жұмыс істейтін 30-дай журналист  қатысты. Атап айтқанда, «Ертіс» телеарнасы, "Сарыарқа самалы" газеті, "Халық" радиосы, "рavlodarnews.kz" сайты, «Ирбис» телеарнасы, «Астана» телеарнасы, Екібастұз қалалық "Отарқа" газеті, "Найзатас" журналы, Ақсу қаласының «Ақсу жолы» газеті, Баянауыл аудандық «Баянтау» басылымы мен Павлодар ауданық "Заман тынысы" газетінің қызметкерлері бар.  Оларға Мейрамхан Жәпек, Ербол Азанбек, Нұрлан Жанай мен Ержан Қалымбайұлы сынды медиа тренерлер мультимедиялық журналистикаға қатысты сабақтар берді. Сонымен қатар, қазақ тілді журналистикадағы ең өзекті тақырыптардың бірі — сапалы контент жасаудың қыр-сырын үйретті. Семинар-тренинг бағдарламасы шеңберінде тренерлер мультимедиалық контент қалай жасалатынын, оны жасаудың жолдарын көрсетті. Ақпаратты визуализациялау, smm страгетия, іскерлік журналистика, диджитал журналистика тақырыптарына қатысты сабақтар берілді. Қатысушылар медиа тренерлерге өздерін толғандырған  сауалдарын қойып, жауап алды. Журналистердің теориялық және тәжірибелік біліктілігін арттыруға арналған шараға қатысқандарға арнайы сертификат берілді.

Бұл тақырыптағы семинар-тренинг алдағы апталары Ақтөбе және Қостанай қаласында жалғасын табады.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала