Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

«ТОМИРИСТІҢ» КҮНІНЕ 700 СЕАНСЫ КӨРСЕТІЛЕДІ

«ТОМИРИСТІҢ» КҮНІНЕ 700 СЕАНСЫ КӨРСЕТІЛЕДІ

Бүгін Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи фильмінің тұсаукесері өтеді.
Ал 27 қыркүйектен бастап прокатқа шығады.


 
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде
«Томирис» фильмінің тұсаукесеріне қатысты арнайы баспасөз мәслихаты
өткізілді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша киноны
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «Sataifilm»
компаниясы бірлесіп түсірген. Фильмнің Бас продюсері Әлия Назарбаева
Тимур Жақсылықовпен бірге сценарииін де жазған екен. Ақан Сатаевтың
айтуынша, киноны түсіру үшін Елбасының арнайы батасын алған. Ол
сонымен қатар, күніне 700 сеанс көрсетілетінін алға тартты. Ал Томирис
ханшайымды сомдаған Әлмира Тұрсын өзінің суретін интернеттен тауып
алып кастинг директоры шақырғанын айтты. Бұрын киноға түсіп көрмеген ол
бірегей жобаға қатысқаны үшін өзін бақытты санайтынын жеткізді. «Фильмді
мен де әлі көрмедім, бүгін өзім де Томиристі көруге барамын»,-деді.
"Қазақфильм" АҚ Президенті Арман Әсенов фильмнің бюджеті 10 миллион
долларға жетпейтін қаржы яғни 3 миллиардтай теңге деп шамалап айтса,
Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев «Томирис» фильміне
2 миллиард 259 миллион теңге жұмсалды деп нақты санды айтты.

Суреттер ortcom.kz сайтынан алынды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала