Валюта бағамы
USD - 476.22
EUR - 490.15
RUB - 7.81

АРЫС МАҢЫНДА ТАҒЫ ЖАРЫЛЫС: 10 САПЕР ЖАРАЛАНДЫ

Көріністер: 119

Бүгін Арыс қаласынан 60 шақырым жерде тағы жарылыс болып, 10
сапер жараланды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама
таратты.

Онда «21 қыркүйекте арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс
қаласынан 60 шақырым жерде) жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-
дәрінің фрагменті өздігінен жарылды. Нәтижесінде  келісімшарт бойынша
арнайы дайындалған 10 сапер- әскери қызметші жарқыншақ жарақатын алды.
Аталған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылды. Оларға қажетті
медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Болған оқиғаның себептері
мен жағдайларын анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр» - деп
жазылған.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала