Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ДИНАРА БИСЕМБИНА «ХАБАР» ТЕЛЕАРНАСЫ ДИРЕКТОРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Танымал журналист Бисембина Динара «Хабар» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды. Ол әр жылдары білім беру саласында, бұқарамен байланыс һәм баспасөз қызметі саласында да түрлі жауапты қызмет атқарған. Бұл жұмысқа дейін Қызылорда облысы әкімінің БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері бойынша кеңесшісі болып жұмыс істеді. 

 

 

Бисембина Динара Асқарқызы 1983 жылы дүниеге келген.    Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Одан соң «Болашақ» бағдарламасы бойынша М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика факультетінің экономикалық журналистика және жарнама кафедрасында білім алған. Францияда бұқарамен байланыс мамандығын  оқыту еуропалық институтының (IERP) «қоғаммен байланас саласындағы  инновация мен үрдістер, стратегия» модульдік бағдарламасын оқыған, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінің Гарриман институтында тәжірибеден өткен. Еңбек өтілдері: «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі, «Советник» (Ресей) журналының редакторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің аға оқытушысы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы. ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз хатшысы, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, «Нұр Отан» партиясы интернет ресурстары-медиа редакциясының жетекшісі, «Хабар» Агенттігі» анонстар және бағдарламармен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Қызылорда облысы әкімінің БАҚ және қоғаммен байланыс мәселелері бойынша кеңесшісі қызметтерінде жұмыс істеген.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала