Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ЕРЛАН БЕКХОЖИН «ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова жаңа Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожинді «Хабар» Агенттігі» АҚ ұжымына таныстырды. Бұл туралы ақпарат аталған министрлітің сайтында жарияланда.

Онда «ұжым алдында сөз сөйлеген Нұргүл Мауберлинова Алан Әжібаевқа жемісті жұмысы мен кәсібилігі үшін алғыс білдірді және жаңа жұмысында сәттілік тіледі» деп жазылған.

Ерлан Бекхожин өзінің еңбек жолын Қазақ радиосының «Панорама дня» бағдарламасының жүргізушісі ретінде бастады. Осы жылдар ішінде ол қазақ телевизиясының ақпараттық бағдарламаларында комментатор, бас редактордың орынбасары ретінде қызмет атқарды.

1994 жылдан бастап «Хабар» агенттігінде «Жеті күн» ақпараттық-аналитикалық бағдарламасының авторы және жүргізушісі болып жұмыс істеді.

2003-2009 жж «Литер Медиа» ЖШС бас директоры.

2009 жылдан бастап ҚР Президенті телерадио кешенінің бас директоры лауазымында болды.

photo:tengrinews.kz

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала