Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

БІР ҚАЛАНЫҢ ӨЗІНДЕ 200-ДЕН АСТАМ ҮМІТКЕР МАГИСТРАТУРА СЫНАҒЫНАН ШЕТТЕТІЛДІ

Алматыда магистратураға тапсырған 200-ден астам талапкердің тәртіп бұзғаны анықталған. Бұл туралы Almaty телеарнасы жаңалықтары көрсетті.

Almaty.tv.kz  сайтында елімізде сыбайлас жемқорлық деректерін төмендету мақсатында магистратураға түсудің жаңа форматы қабылданғын жазылады. Арнайы мониторингтеу тобының мүшелері 10 тамыздан бастап Алматыдағы 6 жоғары оқу орны базасында кешенді тестілеу бойынша бақылау жүргізген. Осы аралықта 200-ден астам талапкер тестілеуден аластатылған екен. 

«Мүмкін кейбір түлектер тестілеудің ережесін дұрыс түсінбегендіктен болар, ұялы телефонды пайдалану жағдайлары болды. 200-ден астам түлек ереже бұзғаны үшін тестіге қатыспай шығып кетті. Жемқорлық деректері бойынша ешқандай жағдай болған жоқ», – деді мониторингтік топ мүшесі Ерқанат МӘДИҰЛЫ. Айта кетейік, биылдан бастап магистратура және PhD докторантураға түсудің тәртіптеріне өзгеріс енгізілген болатын. Егер бұрын ағылшын тілінен тест тапсырмаларын талапкерлер өзге оқу орындарының базасында тапсырып келсе, қазір барлығы бір жерде қабылданады. Яғни кешенді тест форматында жүргізіледі»,- деп көрсетілген «Almaty» арнасының ақпаратында. 

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Білім және ғылым министрі осы тақырыпқа қатысты арнайы пост жариялаған болатын. Онда: «Достар!
Біз бүгін магистратураға түсу үшін жаңа форматтағы кешенді тестілеудің алғашқы күнін өткіздік. 
Емтихан өткізудің максималды түрде ашықтығы пен адалдығын қамтамасыз ету үшін еліміздің барлық өңірлерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, арнайы мониторингтік топтардың және қоғамның басқа да мүшелері бақылаушылар ретінде тартылды.
Біз білім беру жүйесіндегі адалдықтың жаңа стандарттарын қалыптастырудамыз: емтихан кезінде жалғандыққа жол беру – әлдеқайда маңызды құқық бұзушылыққа жол берудің алғашқы қадамы. 

Біз бұл стандарттарды төмендетпейміз.
Бірінші күннің нәтижесіне келетін болсақ, тестілеуге келген 5705 қатысушының 4014-і смартфонмен келген. Ал, 216 үміткер тыйым салынған заттарды пайдалану әрекеттерін жасаған, олардың нәтижелері жойылды. 
Сонымен қатар, 10 бөгде тұлға анықталды, олар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданатын болады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі барлық үміткерлерді белгіленген тәртіпті сақтауға шақырады
» деп жазған еді.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала