Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ПРЕЗИДЕНТ ЖАЗУШЫ ЖӘНЕ КИНОДРАМАТУРГ СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады. Бұл туралы ақпарат akorda.kz сайтына  шықты.

 

Мемлекет басшысының ресми сайтында «Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиеті мен отандық кино өнерінің дамуы талқыланды. Мемлекет басшысына алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын тойлау аясындағы шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті төл мәдениетіміздің өркендеуі ұдайы назарда болатынын айтып, сапалы әдеби туындылар мен кинофильмдерді жарыққа шығарудың маңыздылығын атап көрсетті» деп жазылды.

 

Сурет akorda.kz сайтынан алынды.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала