Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ТАНЫМАЛ ЖУРНАЛИСТЕР СЕНАТ ДЕПУТАТЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына бір топ депутаттар тағайындалды. Олардың арасында белгілі журналист, публицист, қазақ медиасындағы ықпалды тұлға әрі топ менеджерлердің бірі Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп пен танымал тележурналист Дана Өмірбайқызы Нұржігітова бар. Екі әріптесіміз де қазақ қоғамының жаңа дәуірге сай дамуына өз үлестерін қосады деп сенеміз.    

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысының Шиелі ауданы Керделі ауылдық кеңшарында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1984). ҚР Журналистер академиясының академигі (1999 жылдан). «Біз кімнен кембіз?» (2001), «Қазақтың қызы» (2004), «Елес пен белес» (2006) публицистикалық жинақтың; 500-ге жуық мақалалардың авторы. Қазақ, орыс және араб (сөздікпен) тілдерін біледі.

1984 жылдан - «Қызыл ту» (қазір «Сарыарқа самалы») Павлодар облыстық газетінің тілшісі, аға тілшісі, көлік және қатынас бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары. 1990 жылдан бастап - «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болған. 1996 жылдан - «Жас Алаш» газетінің бас редакторы. 2002 жылдан - «Ақ жол, Қазақстан» газетінің Бас редакторы. 2005 жылдан - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ бас директоры. 2007 жылдан - «Астана хабары» газетінің Бас редакторы. 2008 жылдан бері - «Айқын» газетінің Бас редакторы болып қызмет етіп келді. «Құрмет» орденімен (2009); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2000) медальдарымен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағының Б. Бұлқышев атындағы сыйлығының (1995), БАҚ саласындағы Президенттік сыйлықтың (1998), «Алтын Адам» сыйлығының (2000) лауреаты, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын (2019) алған.

Дана Нұржігіт 1972 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.  Алматыдағы А.Жұбанов атындағы музыка мектебіне оқыған. Жиырма жылдан астам телевидение саласында еңбек етіп келеді. Көбіне интеллектуалдық бағдарламаларды жүргізді. Еңбек жолын «Хабар» арнасынан бастаған. Қазір «Qazaqstan» ұлттық арнасынан шығатын жұрттың сүйіспеншілігіне бөленген танымал тұлғалардың өмірбаяны мен жетістігін жан-жақты ашып көрсететін  «Дара жол» бағдарламасының жүргізушісі.   «Үздік тележүргізуші атағына ие болғанын айта кеткен абзал.

Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып  Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева, Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед, Андрей Иванович Лукин,
Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен, Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов пен  Асқар Оразалыұлы Шәкіров те тағайындалды.

 

Сурет jasqazaq.kz сайтынан алынды.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала