Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖОБА: «RAMAZAN CHALLENGE»

Қасиетті рамазанның біртіндеп жақсылық жасау жарысының қызатын айына айналарына сенім мол. Байырғы дініміз қайта жанданып, ежелгі мұсылмандағымыз оянып келеді.

 

Ауыз ашу мәдениеті де жыл санап қалыптасып, діни сауатымыз да толығып келеді. Кешке қарай ауыз ашатын асхана, кафе, ресторан табу қиындап барады. Сонымен қатар, көптеген тамақтану орындары, қонақ үйлер мен ресторандардың рамазан айы үшін арнайы ас мәзірлерін жасауы да қуантады. Ал енді қасиетті ай сайын өткізіліп келе жатқан «Ramazan Challenge» қайырымдылық шарасының жөні тіптен бөлек. Бастапқыда 300 адамға ауыз аштырудан бастаған белсенді жастар былтыр 3 мың, биыл 5 мыңнан астам адамға ауыз аштырмақ. Басы-қасында жүргендер  асып-тасып бара жатқан дәулетті жандар емес, шағын кәсіпкерлер немесе жалақымен жан бағып жүрген қарапайым азаматтар. Ең бастысы олардың ниеттері күшті. Бұрнағы күні олар қалам ұстаған қауымға— журналистерге ауыз аштырды. Барып көріп, дәм таттық. Басы-қасында жүрген «Ramazan Challenge» ұйымастырушыларының бірі, кәсіпкер азамат Амандық Дәулетбекұлының айтуынша, көбіне студенттерге ауыз аштырады екен. Бастапқы жылдардағы ауыз ашарларға қатысқан студенттердің алды бүгінде оқуын бітіріп, жұмысқа тұрған. Көбі қазір осы қайырымдылық шарасының бір шетіне шығысып жүр. Ең басты ерекшелігі — өздері мүлде танымайтын, көрмеген, білмеген  жастарды шақырып, ауыз аштырады. Сосын танысады, сұхбаттасады, біртіндеп бауырға айналады. Қасиетті ай арқылы қазіргі жат түгілі жақының жатсынып бара жатқан қоғамда адамның бірі-біріне деген мейірімін, бауырмалдығын оятуға таптырмайтын әдемі амал. Игілік пен қайырымдылыққа негізделген «Ramazan Challenge» жобасының алдағы уақытта тұтас елімізге жайылып, баршаны мейіріміне бөлейтініне сенім мол.    

  

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала