Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА БАРАДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 сәуір күндері алғашқы мемлекеттік сапармен бауырлас Өзбекстан Республикасына барады.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің фейсбук парақшасында жаиялаған хабарландыруына қарағанда, келіссөз  барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көлік-транзиттік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты тақырыптарды талқылайды. Сонымен қатар, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылу жоспарланыпты. Бұдан соң Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Расында да, соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыс күшейіп келеді. Бұл жерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен бауырлас елдің қазіргі басшысы Шавкат Мирзиеевтің үлесі зор. Ол Ислам Кәрімов тұсындағы біраз олқылықтарды оңалту үшін үлкен қажыр жұмсауда. Былтыр Қазақстанда Өзбекстан жылы жоғары деңгейде өткізілді. Енді міне, биыл Өзбекстанда Қазақстан жылы басталады. Мәдени-рухани саладағы мұндай байланыстар да бірлігімізді бекемдей түсері анық. Сонымен қатар, Орталық Азиядағы іргелі екі ел аймақтағы интеграцияға да жаңа серпін берді. Атап айтқанда, былтыр алғаш рет Астанада Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуі өткен болатын. Ортақ мереке Наурыз қарсаңында ұйымдастырылған маңызды жиынға сол кездегі Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен  Түрікменстан Меджлисінің төрайымы Акджа Нұрбердыева қатысқан болатын. Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхаммедов жиынға келе алмаса да, орнына мәжіліс спикерін жіберді. Ала аталған кездесу осы айда Өзбекстанның астанасында тағы да өтуі тиіс. Жалпы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сапары бауырластық байланысты тіпті бекемдей түсеріне сенім мол.    

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала