Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ӘЗІРБАЙЖАНДЫҚТАР НАУРЫЗ ҒҰРПЫН КӨРСЕТТІ

Елордадағы Назарбаев университетінде жыл сайын «Наурыз мейрамы» шарасы өтіп тұрады. Ол оқу орны қызметкерлері мен қонақтарына және студенттерге арналған. Биыл мерекелік бағдарлама аясында алғаш рет аталған университеттің халықаралық студенттерінің жәрменкесі өтіп, Қазақстандағы дипломатиялық миссия өкілдіктері мен елшіліктердің қолдауымен түрлі елдің мәдениеті танытылды.

Назарбаев университетінде 55 елдің профессорлары жұмыс істейтінін, 17 елден жастары келіп білім алып жатқанын айта кеткен абзал. Сондықтан түрлі елдің өкілдері өз мемлекетін, мәдениетін мен салт-дәстүрін танытуға күш салады. Әзірбайжанның Қазақстандағы Елшігінің қолдауымен Назарбаев университетінің магистранттары Инджи Гасанова мен Сафура Алиева өз елдерін танытатын ерекше стенд құрды. Олар қонақтарға Әзірбайжанда Наурыз мейрамының қалай тойланатының түсіндіріп, аталған мерекеге қатысты жасалатын салт-дәстүр туралы кеңінен баяндады. Меймандар мол ақпаратқа қанығып қана қоймай, әзірбайжанның мерекелік палауы мен дәмі тіл үйіретін гутабы мен пахлавасынан да ауыз тиді. Сонымен қатар, стендтегі ұлттық музыкалық аспаптар мен жібек кілемдер, Әзірбайжанның әсем астанасы Бакудың ғажап суреттері қонақтардың қызығушылығын оятпай қоймады. Шара барысында әзірбайжандық жастар өзге елдердің студенттерінің қолдауымен әзірбайжанның халық биі «Яллыны» билеп, «сәтсіздіктердің бәрі осы отпен бірге жанып кетсін» деген тілекпен символикалық оттан бірінен кейін бірі секірді. Осылайша әзірбайжандық студенттер өз елінің  дәстүрін өзгелерге барынша танытты. Мыңдаған жылдардан бері тойланып келе жатқан шығыстың ортақ мерекесі жастарды тіпті жақындата түсті.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала