Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

БҮГІН ЧАНАККАЛЕ ЖЕҢІСІНІҢ 104 ЖЫЛДЫҒЫ

18 наурыз Түркия үшін ерекше күн. Бұл күні бауырлас елде Чанаккале жеңісі аталып өтіп, Отан үшін жанпида еткен ерлер еске алынады. Мемлекеттік мереке кең ауқымда тойланады.     

 

Әдетте бұл мемлекттік мереке Чанаккаледегі Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталып, батырларға құран бағышталады. Дарданель теңізіндегі соғыс кемелері зеңбіректерінен оқ атып, қаһармандардың рухына тағзым етеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде яғни 1915 жылдың көктемінде Антанта қарулы күштері (Франция, Ұлыбритания) Дарданель бұғазын басып алу үшін аса ауқымды әскери операция жасайды. Мақсат Жерорта теңізінен Қара теңізге шығатын теңіз жолына иелік ету. Алайда, Османлы әскері стратегиялық орынды сақтап қалу үшін бар күшін жұмылдырып, әрбір сарбаз ерең ерліктің үлгісін көрсетеді. Қорғанысты ұйымдастырушылардың бірі Мұстафа Кемал Ататүрік (кейін Түркияның президенті болды) болды. Ағылшын және француз күштері бұғазды ала алмайтындарын түсініп, тактиканы өзгертіп, соғысты құрлықта жалғастыруға мәжбүр болады. «Дарданель өткел бермейді» деген қанатты сөз сол кезден қалған. Османлы мемлекеті әскерінің  250 мыңнан астамы шейіт болды деген дерек бар. Жеңілістен соң осы операцияға бастамашы болған Ұлыбританияның үкімет басшысы әйгілі Уинстон Черчилль қызметінен кетеді.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала