Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

АНКАРАДА «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНА» ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

«Эндерун Қоғам және Стартегия Қауымдастығы» басшысының орынбасары Жесурхан Таш экономикасы күшті, тәуелсіз елдердің саяси тұрғыдан да ешкімге бағынышты болмайтынына тоқталып, Қазақстанның күшті экономика құру бағытындағы жұмыстарын атап өтті. Сонымен қатар ол жер аумағы жағынан әлемде 9-шы орында тұрған Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік мәселелерге бірінші кезекте мән беретінін, экономикасының тұрақты дамып, халқының әл-ауқатының артып, демократияның дамуы үшін де маңызды қадамдар жасалғанына тоқталды. Ал өз кезегінде Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның экономикасы және «Астана» халықаралық қаржы орталығы» туралы арнайы танытым жасап, инвестиция құйған шетелдіктердің міндетті түрде ұтысқа шығатынын атап өтті. Тіпті қай салаларға инвестиция құюға болатынын нақты түсіндірді. Егер инвесторлар қандай да бір заңсыздыққа тап болса, «Астана» халықаралық қаржы орталығына» шағымданып, өз құқықтарын қорғай алатынын тәптіштеп айтып берді.

Өз кезегінде халықаралық қаржы маманы Мұхаммед Тириакиоғлу «Тәуелсіз сауда-өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығы» (MÜSİAD) басшысының көмекшісі әрі кеңесшісі ретінде Қазақстанға қаржы салу бойынша түрік компанияларына ақыл-кеңес беріп келе жатқанына тоқталып, Қазақ іс адамдары да Түркияға инвестция құйса жақсы болар еді деген ойын білдірді.    

Журналист-жазушы деректі филімдер түсіру бойынша танымал маман Исмайл Кахраман болса, Қазақстандағы туризм саласында инвестиция құяға таптырмайтын жерлер бар екенін баяндады. Тарихи Жібек жолы бойымен жүріп өткен ол түсірген көркем жерлердің суреттерін көрсете отырып, туризм инвесторларын Қазақстанның тарихи әрі көрікті жерлеріне инвестиция құюға шақырды. Оның ойынша, мәдениет және табиғат туризміне түрік компаниялары қаржы салса, екі елдің арасындағы туыстық байланыс тіптен күшейеді.

Өнеркәсіп және Технология министрлігінде кезінде басшылық қызмет еткен Исрафил Челик Қазақстан экономикасының даму барысы туралы баяндады. Бауырлас елдер төртінші өнәркәсіптік революция жағдайында бірігіп жұмыс жасаса ұтатынын баса атап өтті. Жиынға қатысқандар «Астана» халықаралық қаржы орталығына» қатысты, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы жайлы сұрақтарына Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлынан толымды жауаптар алды.

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала