Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ҮКІМЕТ 33 ПАЙЫЗ ҒАНА ЖАҢАРҒАН

Жаңа үкімет 33 пайызға ғана жаңарған, ал орташа жасы - 51 жас. Бір қызығы олардың ішінде 50 мен 60 жас арасындағылар 8 адам, 40 пен 50 жастың арасындағылар да 8 адам. Мәмин кабинетінің жасын ерінбей есептеп шыққан белгілі журналист, Гарвард университеті Кеннеди басқару мектебінің түлегі Шыңғыс Мұқан өзінің фейсбук әлеуметтік желі парақшасында жазды.

«Тағы бір атап өтетін сәйкестік, 44 жастағы үш құрдас бар (Қасымбек, Біртанов, Дәленов), 54 жастағы тағы да екі құрдас (Мамин, Әбдіxалықова) және 56 жастағы екі құрдас (Ермекбаев пен Мұxамедиұлы) бар.
Құрдастар үкіметі дерсіз. Ең жасы - Абаев, ең ересегі - Сапарбаев. 18 адамның ішінде алты адам ғана жаңа жасаққа қосылған - Әбдіxалықова, Сапарбаев, Шәмшидинова, Омаров, Скляр мен Дәленов. Демек, Үкімет 33 пайызға жаңарған. Субъективті пікірімді қоса кетейін, төрт жаңа мүшенің екеуі - Бердібек ағам мен Күліш апайды тағайындау қатты ойландырып тастады. Бір жағынан екі кісі де тәжірибелі мамандар және үкіметтегі ең үлкен адамдар. Түсінікті ғой, сыннан өткен министрлер керек болды. Екі министрлікке қатысты сын да көбейіп тұрған. Дегенмен, бұ екі кісі министрлікке қуана келді деп те айта алмаймын. Көрсем-білсем дейтін амбициясы болатын жаста да емес.  Ұсынысты "Тағы да" демесе де, "Алақай" деп қарсы алмаған да болар. Бұл тағайындауға байланысты екі ой келіп отыр. Біріншіден, тәуелсіздік жылдарында xалықпен жұмыс жасайтын (әлеуметтік мәселе) кадрлар өсіп жетілмеген сияқты. Егер әлеуметтік сала кадрлық дағдарысты бастан кешіп жатса, саясатты әлеуемттік салаға қалай бұрамыз? Екіншіден, үкіметтің тіліне келсек, тағы бір парадокске тап боласыз. Әлеуметтік мәселе дейміз, әлеуметтік проблемасы бар топ тағы да қазақтілділер. Бұл үкіметтегілердің қаншасы қазақ мектебін бітірді, қазақша түс көреді? Әлеуметпен қалай тіл табыспақ? Сұрақ көбейіп тұр»-деп жазған ол үкімет мүшелерінің жасын төмендегідей етіп тізіп жазды.

Сапарбаев 1953 - 66 жас
Шәмшидинова 1958 - 61 жас

Тұрғымбаев 1962 - 57 жас
Ермекбаев 1963 - 56 дас
Мұxамедиұлы 1963 - 56 жас
Атамкулов 1964 - 55 жас 
Мамин 1965 - 54 жас
Әбдіxалықова - 1965 - 54 жас 
Омаров 1968 - 51 жас 
Бозымбаев 1969 - 50 жас

Скляр 1971 - 48 жас 
Жұмағалиев 1972 - 47 жас
Смайлов 1972 - 47 жас
Касымбек 1975 - 44 жас 
Біртанов 1975 - 44 жас 
Дәленов 1975 - 44 жас 
Бекетаев 1977 - 42 
Абаев 1979 - 40

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала