Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Қазақстанға Қырғызстанмен жақсы байланыс керек

Қырғызстан басшысы Жапаров кеше Астанаға келді. Екі ел басшылары екі күндік кездесуде экономикалық, көлік-логистикалық, мәдени және басқа байланысты арттыру бойынша келіссөздер өткізіп, келісімдер жасасуда.

Қырғызстан қазіргі алапат су тасқынында алғаш болып көмек қолын созған ел. “Көмек сұрамаса да көмектесіміз” деп, гуманитарлық жүк жіберді. Артынша тағы да фуралар келіп жатты. Қазақстан да Қырғызстанға жыл сайын гуманитарлық көмек көрсетумен келеді. Мыңдаған тонна ұн, құрылыс материалдары, оқ-дәрі және басқа беріп келеміз. Яғни екі ел бір-біріне қол ұшын созумен келеді, бұл жақсы үрдіс.

Қазақстанға Қырғызстанмен жақсы байланыс керек, Қырғызстанға Қазақстанмен жақсы байланыс керек.

Қазір елімізде су тасқыны. Бірақ алдағы 2-3 айда жағдай 180 градусқа өзгеруі ықтимал, сөйтіп тасқынды тапшылық басуы мүмкін. Су тапшылығы. Сол үшін қазірден бастап жаздағы жағдайды ойлап, келісімдерді бір қуаттап алу қажет. Өткен жазда Жамбылдың, оңтүстіктің кенезесі кеуіп қалып еді. Бішкек “су мәселесі биыл болмайды” деді. Болмасын. Болдырмау үшін осындай бауырластық форматтағы кездесулер керек. Қазақстан Қырғызстандағы су станцияларын модернизациялау жобаларына қатысып келеді, басты мақсат бізге берілетін суды азайтып алмау.

Ал Қырғызстан үшін шекарада мәселе болмауы қажет. Ол үшін де осындай кездесулер қажет. Қазақстан - Қырғызстанның “экономикалық қақпасы” деген сөз тегін айтылмайды ғой. Қазақстан Қырғызстанның азық-түлік қауіпсіздігінде де маңызды рөл ойнайды. Әсіресе астық бойынша. Су тасқыны астықты өлкемізде болып жатыр ғой, соған да алаңдаушылық танытып отырғаны анық.

Қысқасы қазақ-қырғыз байланысы, достығы арта берсін!

Дереккөзі: paranoiakz

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала