Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

АНКАРАНЫҢ БҰРЫНҒЫ МЭРІНЕ АСТАНАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛІ БЕРІЛДІ

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Анкара қаласының бұрынғы мэрі Ибрахим Мелих Гөкчекпен кездесті. Жүздесу барысында Астана мен Анкараның ынтымақтастығындағы рөлін айрықша атап өткен Елші А.Сапарбекұлы  Мелих Гөкчекке ҚР  Президентінің Астананың 20 жылдығына орай әзірленген мерейтойлық медалін табыстады. Бұл туралы елшіліктің фейсбук желісіндегі https://www.facebook.com/kzembassy парақшасында жазылды.

 

Елшілік парақшасын «Астананың 3 жылдығы және 10 жылдық мерейтойына қатысқанына еске салған М.Гөкчек Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтамақтастық жылдан жылға нығайып келе жатқанына тоқталды. Бауырлас елдер арасындағы байланыстың арта түсуіне Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі орасан зор екендігін атап өткен Мелих мырза, «Қазақстан Президенті тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркітілдес аймақтың беделді көшбасшысы»- деп сөзін жалғастыра отырып, аталмыш мәртебеге лайық көрген Елбасына алғысын білдірді.

Астана мен Анкара қалалары 2001 жылдан бастап бауырлас қалалар мәртебесіне ие. Қазіргі таңда Анкарада Қазақстан даңғылы, Абай Құнанбай даңғылы және т.б. қазақ ақын- жазушыларының атындағы көшелер, Елбасы Н.Назарбаев ескерткіші, Сүйінбай Аронұлы, Мағжан Жұмабаев ескерткіштері бар. Ибрахим Мелих Гөкчек беделді түрік саяси қайраткер 1994-2017 жж. арасында Анкара қаласының мэрі қызметін атқарды», - деп жазды.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала