Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Қайрат Сатыбалдымен байланысты тұлғалардан 732 млрд теңгеде мемлекетке қайтарылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтаратынын мәлімдеді, деп хабарлады Ulys

Антикор хабарлағандай, сотталушының жалпы сомасы 50 млрд теңгеден асатын қосымша мүліктік активтерін мемлекет пайдасына қайтару туралы мәселе қаралып жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, тергеу барысында Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін толық мойындап, қылмыстық жолмен алынған мүлікті ашуға ықпал еткен.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталушының және онымен байланысты тұлғалардың жалпы сомасы 732 млрд теңгеден астам мүліктік активтері мен ақшалай қаражатын мемлекет пайдасына қайтаруды қамтамасыз етті», - деп хабарлады Антикор.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала