Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ЕЛТАҢБАНЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы әйгілі сәулетші, елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков пен түркітанушы ғалым, ф.ғ.д. Қаржаубай Сартқожаұлын қабылдады. 

Кездесу барысында елтаңба авторы Зауытбек Қауысбекұлына рәміздің (елтаңбаның) латын қаріптерімен өрнектелген жаңа нұсқасы мен рәміздің жасалу тарихы, ондағы таңба-белгілер жайындағы кітапты табыстады. «Бұл рәмізді жасаған кезде Ташкентте тұрдым. Өзіңіз де ол өлкеде көптеп болдыңыз. Сапарларыңыздың бірінде қаланың қақ ортасында қараусыз қалған Төле би бабаның басына зәулім кесене тұрғызып, маңайын абаттандырған азаматсыз. Айтпағым, осы елтаңбаның шығуында Төле би баба рухының қоштау-қолдауы бар деп білем. Сіз, өз кезегінде, сол баба зиратының ұмыт қалмауына әсер еткен адамсыз. Сондықтан, сізге алғыс мол. Еліміз қазір латын әліпбиіне көшіп, елтаңбамызға біршама өзгерістер енді, білесіз. «Қазақстан» сөзі жаңа қаріптермен өрнектелген рәміздің біреуін өзіңізге тапсыруды жөн санап отырмын. Төріңізде тұрғанын қалар едім. Елтаңбамыз тек қана Қазақстандағы қазақтар үшін ғана емес, жалпы Дүниежүзі қазақтары үшін Атажұрттың таңбасы болып тұрсын деген ниетімнен деп ұғыңыз», - деді Жандарбек Мәлібеков.  

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала