Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Белгілі журналист Жұмабай Шаштайұлы дүниеден озды

Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан жеткізді.

«Қасиетті Оразаның екінші күні қазақтың біртуар қаламгері, асыл ағамыз Жұмабай Шаштайұлы Жаратқанның құзырына қайтыпты. Бірнеше буынға ұстаз болған, адал һәм тап-таза қалпынан айнымай, соңынан бір ауыз бөтен сөз ілестірмеген Жұмағаң туралы айтар жақсы әңгіме көп. Жақсылар шетінен кетіп жатыр», — деп жазады ол.

Жұмабай Шаштайұлы 1950 жылы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.

Ол «Коммунизм жолы» газетінде, 1980-87 жылдары республикалық «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, 1987-90 жылдары «Жалын» журналында жұмыс істеді.

1990-92 жылдары «Қазақ тілі» қоғамы Алматы облыстық комитеті төрағасының орынбасары, 1992-96 жылдары «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде бөлім меңгерушісі, 1996-2002 жылдары халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінің бас редакторы болды.

2002 жылдан Қазақ радиосының бас редакторы қызметін атқарды. 2008-2017 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактор болған.

Көптеген танымал әдеби шығармалардың авторы.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала