Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Ұлттық даму жоспарының жобасына ұсыныстар жасалды

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінде жоғары білім және ғылым саласының сарапшылар қауымдастығымен кездесу өтті, деп хабарлайды Ulys ведомстваға сілтеме жасап.

Кездесуді аша отырып, Агенттіктің аппарат басшысы Жомарт Әбиесов Ұлттық даму жоспары жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары туралы айтып, оның мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі құжаты ретіндегі рөлін атап өтті.

Сондай-ақ ол құжаттың жобасын сараптамалық қоғамдастықпен талқылау және пысықтау жөніндегі жұмыстың маңыздылығы жайлы айтты.

Кездесу барысында қатысушылар саланы дамытуға бағытталған өз бастамаларын білдірді. Атап айтқанда, жоғары білім беру саласында оқу орындарында басқару моделін жетілдіру, бейресми және онлайн оқытуды, кәсіптік біліктілік жүйесін дамыту, жұмыс берушілерді мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру процесіне тарту және т.б. бойынша ұсыныстар жасалды.

Ғылыми сала сарапшылары жоғары оқу орындарының зерттеу әлеуетін арттыруға, ғылымды әкімшілендіруге және ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға қатысты мәселелерді талқылады.

Жиын соңында бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Жоғары білім және ғылым саласының сарапшылары 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жобасына ұсыныстарын берді.

Іс-шараға жоғары білім саласындағы сарапшы К.Ерғалиев, Назарбаев Университетінің вице-президенті Д.Билялов, «Астана» Халықаралық университетінің президенті С.Ирсалиев, Ғылым және жоғары білім министрінің штаттан тыс кеңесшісі Ф.Жақыпова, Ұлттық ғылым академиясының өкілдері Б.Кеңесов және М.Жабағин, сондай-ақ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Ж.Қоңырбаева қатысты.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала