Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Президент Маңғыстау облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.

Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала