Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Жуырда ашылған Қазақстандағы ЛГБТ сайты бұғатталды

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстандағы ЛГБТ сайтын бұғаттады, деп хабарлайды Ulys KazFace.kz-ке сілтеме жасап.

ЛГБТ сайтының жұмысы қазақстандықтар арасында түсінбеушіліктер туғызып, көп талқыланды. ЛГБТ+ жасөспірімдерге арналған алғашқы сайт ашылған күні қазақстандықтар дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауға қарсы петиция бастаған еді.

 «Интернет ресурстарды мониторингілеу барысында «selftanu.kz» сайтында балалардың денсаулығы мен олардың дамуына зиян келтіретін ақпараттардың жариялануына байланысты заңнаманың бұзылуы анықталды. Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган балалардың психологиялық жас ерекшеліктерін, олардың ақпараттық ортаның, тарихи және өзге де дәстүрлердің, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің мәдени құндылықтарының теріс ықпалынан осалдығын ескере отырып, сондай-ақ балаларды қорғау мақсатында ЛГБТ қозғалысының идеяларын қазақстандықтар арасында тарататын интернет ресурстарға шектеу енгізуді қажет деп санады. Осы себептер бойынша министрлік «selftanu.kz» интернет ресурсқа шектеу енгізу туралы шаралар қабылдады»- делінген министрліктің хабарламасында.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала