Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

ҚР Премьер-Министрі лауазымына Олжас Бектенов тағайындалды

Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновті тағайындауға келісім берді.

Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысы кандидатурасын талқылағаннан кейін «Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Бектенов Олжас Абайұлын тағайындауға келісім берілсін» деген қаулы жобасына дауыс берді.

Дауыс беру барысында жалпы отырысқа қатысқан депутаттардың 69-сі оның кандидатурасын қолдап, 7 депутат қалыс қалды.

Іле-шала Мемлекет басшысының Олжас Абайұлы Бектеновты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі етіп тағайындау жөніндегі жарлығы шықты.

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. 

Айта кетейік Мемлекет басшысына AMANAT партиясының атынан Премьер-Министр лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновтің кандидатурасы ұсынылған еді.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала