Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

Қарағанды облысында жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Ол облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан қыстақта жасырынған, деп хабарлайды облыстық полиция департементі.

Бұзақы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

27 қаңтарда ер адам шақыруға келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалған. Содан соң ашуланып медқызметкерге жұдырық ала жүгірген. Бұл дауға ер адамның аула жолымен өте алмағаны себеп болған.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала