Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Қарағанды ​​облысында 2 қабатты үйде газ жарылды, зардап шеккендер бар

Қарағанды ​​облысының Ботақара кентіндегі екі қабатты үйде газ жарылып, үйінді астынан екі адамның денесі табылды. Оқиғадан 5 адам зардап шеккен, оның үшеуі — бала. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.

Еске сала кетсек, 30 қаңтарда сағат 00:07-де Бұқар жырау ауданы Ботақара кентіндегі Әуезов, 8а мекенжайы бойынша екі қабатты, екі кіреберісі бар 12 пәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан №10 пәтер жарылған.

Пәтердің төбесі мен қабырғалары толық опырылып түсті. Бірінші қабатта орналасқан № 7 пәтер де қирап қалды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде бірінші қабаттағы № 5, 6, 8, екінші қабаттағы № 11, 12 пәтерлер жартылай зақымданған. 

Тұрғын үй 2014 жылы салынған. Жалпы ауданы — 510 шаршы метр. Мұнда 46 адам тұрады, жарылыс кезінде 35 адам болған.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала