Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Бауыржан Ерғазыұлы «Қазақстан халқына» қоры жанынан құрылған орталықты басқарады 

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры бұған дейін білім, мәдениет және спорт саласындағы бағдарламалар мен жобаларды басқару орталығын құрған болатын. Бұл туралы Ulys Мәденеит және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл қордың ең бір маңызды саласы. Оған басшы ретінде 2024 жылдың 22 қаңтарында тәжірибелі маман Бауыржан Оразғалиевті тағайындады.

Бауыржан Ерғазыұлы бұған дейін бірқатар мемлекеттік және жеке құрылымдарда, соның ішінде «КаР-Тел» (Beeline), «Цесна» корпорациясында жұмыс істеген. 2013 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың наурызына дейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қызмет етіп, PR- департаментінің бренд-менеджерінен бастап басқарма мүшесіне, ҰКП аппарат басшысына дейін қызметі өсті. Ол сонымен қатар, «Атамекенде» үш департаменттің, соның ішінде жаппай кәсіпкерлік департаментінің басқарушы директоры болды, оның аясында «Bastau Business» кәсіпкерлікті оқыту бағдарламасын әзірлеуге, жүзеге асыруға және енгізуге қатысты.

Сондықтан жаңа орталықты Бауыржан Оразғалиевтің басқаруы дұрыс шешім, әрі табысты боларына сенім мол.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала