Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Бүгін Президент Алматыға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады.

Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді», — деді Берік Уәли.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала