Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

 Әзербайжанда президент сайлауы өтеді

Әзербайжанда 2024 жылдың 7 ақпанында кезектен тыс президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды  Әзертадж агенттігі

Әзербайжанның ОСК отырысында «Ұлы жасампаздық» партиясынан Фазиль Мустафа, «Ұлы Әзербайжан» партиясы атынан Эльшад Мусаев, «Әзербайжанның бірыңғай халық майданы» партиясынан Гудрат Гасангулиев және өзін ұсынған Фуад Алиевтің кандидатураларын тіркелді.

Бұған дейін 30 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Ильхам Гейдар Оглу Алиевтің кандидатурасын «Ени Әзербайжан» партиясының атынан Президент лауазымына үміткер ретінде тіркеді. Сондай-ақ 8 қаңтарда ӘР Әлеуметтік зерттеулер орталығы басқармасының төрағасы Захид Орудж және ӘР Милли Меджлисінің VI шақырылым депутаты Рази Нуруллаев тіркелген болатын. Осылайша Әзербайжан президенттігіне тіркелген үміткер саны 7 адамға жетті.

Президентікке үміткерлерді тіркеу 8 қаңтарда аяқталды.

Жалпы сайлау науқаны басталғалы үміткерлерді тіркеу туралы 17 арыз келіп түскен.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала