Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.85

Түркиядағы астық қоймасында жарылыс болып, 10-нан аса адам жараланды

Түркияда қоймада жарылыс болды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Жарылыс Ыстанбұлдан 100 шақырым жерде, Мәрмәр теңізі жағалауында орналасқан Коджаели провинциясындағы ірі коммерциялық порт – Деринджеде болған.

Коджаели губернаторы Седдар Явуздың айтуынша, жарылыс салдарынан шамамен  12 адам зардап шекті.

Астық қоймасындағы жарылыс себебі әзірге белгісіз. Оқиға орнында өрт сөндіру-құтқару, медицина және полиция бригадалары жұмыс істеп жатыр.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала