Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

СӨГІС АЛҒАН СҰЛТАНОВ «ЖЫНЫ КЕЛЕТІН» ЖҰМАНҒАРИНГЕ ОРЫН БОСАТТЫ   

Бүгін Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Сұлтановты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатты. Оның орнына міндетін атқарушы болып Серік Жұманғарин тағайындалды. Ол бұған дейін жұмыс істеп келген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды. 

Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын ғана Президент бағаның бассыздығына қатысты Бақыт Сұлтановқа сөгіс жариялаған болатын. Содан бері өзгере қойған ештеңе жоқ. Баға күн өткен сайын құтырынған үстіне құтырынуда.  Сұлтанов тіпті қант тапшылығына қатысты журналистер қойған сауалға  «шәйға қант қоспайтының, балмен ішетінін» айтып құтылғаны жұрт есінде. Осылайша ескі Қазақстанның ежелден келе жатқан ескі кадрларының тағы бірі қызметінен кетті, орнына тағы бірі келді.   

Айтпақшы, Серік Жұманғаринді де былайғы жұрт жыға тани қоймаса да, ашу қысса тартынбастан айтып – айтып тастайтын мінезіне қанық. Бұрнағы жылы  Ұлттық экономика министрінің орынбасары кезінде журналистердің тариф туралы сауалына талағы тарс айырылып «Жынымды келтірмеңізші, блин!», деп ызбарланып, артынан кешірім сұрағаны бар еді...

Салада біраз тәжірибесі бар шенеуніктің де басты тапсырмаларының бірі – шарықтаған бағаны ауыздықтау болары сөзсіз. От пен судың ортасында тұрған саланы басқару Жұманғаринге оңайға соқпасы анық.  

 

 

 

 

 

 

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала