Валюта бағамы
USD - 447.75
EUR - 490.40
RUB - 4.84

Түркия Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетті

9 мамырда Алматыға Түркия Республикасының Үкіметі атынан гуманитарлық жүк жеткізілді.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүктің ішінде медициналық маска (150 мың дана), бетке арналған қорғаныс экраны (50 дана), көзді қорғайтын көзәйнек (100 дана), комбинизон (300 дана) және дезинфекциялық құралдар бар.

Сонымен қатар, 11 мамырда Түркияның жетекші фармацевтикалық өндірушісі «Abdi Ibrahim» компаниясы да COVID-19 коронавирусымен күресуде белсенді қолданылатын, құрамында хлорокин бар «Kutlu» дәрісі мен ацетилцистеин препаратын Қазақстанға гуманитарлық қолдау ретінде жіберген.

 

Гуманитарлық жүкті медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдап алды.

Бұдан бұрын Қазақстанға гуманитарлық көмекті YDA Holding, Anadolu Endustri Holding (Coca-Cola Icecek), Nobel Ilac сияқты басқа да бірқатар түркиялық инвесторлар жіберген еді.

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер (*) белгіленеді.

captcha Жаңала